Қазақстан бірнеше елмен вакцина сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр
Шіл 23, 2020 17:20 Asia/Almaty
Қазақстан Денсаулық сақтау министрі клиникалық сынақтар нәтижесі анықталғаннан кейін осы ел үкіметінің коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді.
Алексей Цой: «Біз қазір бірнеше елде түрлі вакциналарды тексертіп жатырмыз»,‑деді.
Цой: «Вакциналарды алу мерзімі клиникалық сынақтар сәтті болып, оларды жалпы жұртқа қолдану тиімділігінің расталуына байланысты болмақ»,‑деді.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрі, сондай‑ақ, басты кезекте Қазақстанға вакцина жіберу туралы Ресеймен бастапқы келіссөздер жүргізілгенін айтты.
Цойдың айтуынша, Қазақстан қазіргі таңда зерттеу жүргізіп жатқан басқа да вакцина өндірушілермен ұқсас келісімдер жасады.