Қазақстандағы АҚШ зертханасы және белгісіз пневмониядан өлген адамдардың санының артуы
Соңғы кезде Қазақстанда таралған белгісіз пневония ауруының таралуы және оның салдарынан өлген адамдардың санының өлім көрсеткішінің коронавирустан өлгендердің санынан жоғары болуы қоғамдық пікірдің елдегі АҚШ биологиялық зертханасына назар аударуын арттырды.
Қытай халықаралық радиосының мәліметінше, Қазақстанда басылып шығатын «Аймақ» газеті Қазақстан Президентінің белгісіз пневмонияның таралуынан ағымдағы жылдың тек алғашқы алты айында 98000 астам адамның бұл ауруға шалдыққанын және тек бір өткен айда 600-ден астам адамның өлгенін растағанын хабарлады. Қазақстан Денсаулық министрлігінің мамандарының пікірінше, бұл белгісіз ауру коронавирустың бір түрі немесе пневмониялық вирустардың басқа жаңа түрі.
Қазақстан толық құрлықта орналасқан мемлекет болғандықтан бұл белгісіз өкпе ауруының кеннеттен таралуы халықтың тағы Қазақстандағы АҚШ армиясының биологиялық зертханасына назар аударуына себеп болды.
Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатысы Николай Патрушевтың айтыунша, АҚШ Қазақстан мен басқа елдерде биологиялық зертханалар ашып, жабық есіктердің артында, Пентагонның қаржылай қолдауымен өз жұмыстарын жасап, жергілікті зерттеушілердің қатысуына тыйым салып, зертханалардың ішіндегі мәліметтерде құпия сақтауда.
Осыдан екі апта бұрын Қырғызстанның «Эстрадар» газеті: «АҚШ - Қазақстандағы биологиялық зертханалардың негізгі иесі. Бұл биологиялық зертханалар жергілікті популяциялардан, жануарлар мен өсімдіктерден ДНҚ мәліметтерін жинаумен айналысады. Бақса жақтан Алматы биологиялық зертханасында көптеген қатерлі вирустар жиналды»,- деп әшкереледі.