Қазақстанда бір жолаушы тасымалдаушы ұшақтан 7 нүктелі ақау анықталды
Шіл 27, 2020 16:39 Asia/Almaty
Qazaq Air әуе компаниясы кезекті рейстен кейінгі техникалық тексеріс барысында бір ұшақтың корпусынан 7 нүктелі ақау анықтады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Qazaq Air әуе компаниясының ұшағы Нұр-Сұлтан – Өскемен бағытындағы рейстен келген соң техникалық тексерістен өтіп, оның корпусынан 7 нүктелі ақау табылды.
Техникалық тексеру тобы ұшақтың орта тұсы мен арт жағына 7 жерден зиян тигізілгенін хабарлады.
Зиян тигізілу себебі мен зерттеу нәтижесі әлі жарияланған жоқ. Qazaq Air әуе компаниясының жұмысы тиісті органдар тарапынан тоқтатылды. Алайда аталмыш компания рейстерін жалғастыра беретінін мәлімдеді.