Қазақстанда коронавирусқа байланысты Құрбан айт намазы оқылмайды
Шіл 29, 2020 18:14 Asia/Almaty
Қазақстанда Құрбайн айт – ресми демалыс деп жарияланған жалғыз исламдық мереке.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы Құрбан айттың жақындап қалғанына байланысты мәлімдеме жасап: «Биыл 31 шілде мен 2 тамыз арасында Құрбан айт аталып өтіледі»,-деді.
Бұл мәлімдемеде елде коронавирустың таралуына байланысты жиындар өткізілуіне тыйым салынғандықтан ел мешіттерінде Құрбан айт намазы өткізілмейтіні жарияланды.
Сондай-ақ, мәлімдемеде Қазақстан мұсылмандары коронавирустың таралуына байланысты елдің бас мүфтиі кеңсесінің онлайн қызметі арқылы қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуге шақырылды.