Ерлан Қарин Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды
Шіл 31, 2020 17:17 Asia/Almaty
Қазақстан Президентінің кеңсесі Ерлан Қариннің ел Президентінің көмекшісі болып тағайындалғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойып, Ерлан Қаринды Президент кеңесшісі қызметінен босатып, өзінің жаңа көмекшісі ретінде тағайындады.
Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Ақтөбе Мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тәмамдаған.
Ол Қазақстанның даму институты, Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігі, Халықаралық заманауи саяси зерттеулер институты, Лаңкестікке қарсы бағдарламалар орталығын басқарған.