Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 89 мың адамнан асты
Шіл 31, 2020 18:50 Asia/Almaty
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирусқа шалдыққандардың саны 89 мың адамнан асқанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен 24 сағатта Қазақстанда тағы 1414 адамнан коронавирус анықталды. Осы күнге дейін жалпы вирусқа шалдыққандар саны 89078 адамға жетті. Олардың ішінде 627 адам вирустың симптомсыз түріне шалдыққан. Ең көп вирус жұқтыру жайттары Қазақстанның Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында болып отыр.