Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі жемқорлық айыбымен ұсталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i47787-Қазақстанның_Денсаулық_сақтау_вице_министрі_жемқорлық_айыбымен_ұсталды
Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі қаражат жымқырды деген айыппен қамауға алынды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 04, 2020 18:15 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі жемқорлық айыбымен ұсталды

Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі қаражат жымқырды деген айыппен қамауға алынды.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының хабарлауынша, Олжас Әбішев Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Бүгін Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Әбішевтің бір апта бұрын өз еркімен қызметтен кеткенін хабарлады.

Олжас Әбішев 2018 жылы Қазақстан Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Бұдан бұрын Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев екі министрліктің жоғары лауазымды қызметкерлеріне қарсы қылмыстық істердің қозғалатынын хабарлаған болатын.