Бейруттегі жарылыста Қазақстанның консулы жарақат алды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i47805-Бейруттегі_жарылыста_Қазақстанның_консулы_жарақат_алды
Қазақстан СІМ Бейруттегі жарылыс салдарынан осы елдің консулы жарақат алып, елшілік ғимаратына зиян тигізілгенін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 05, 2020 17:22 Asia/Almaty
  • Бейруттегі жарылыста Қазақстанның консулы жарақат алды

Қазақстан СІМ Бейруттегі жарылыс салдарынан осы елдің консулы жарақат алып, елшілік ғимаратына зиян тигізілгенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылыс болған кезде жұмыс уақытының аяқталуына байланысты Қазақстан елшілігінің барлық қызметкерлері үйлеріне қайтқан. Жарылыс кезінде елшілік ғимаратында тек консул болған. Терезе сынуы салдарынан консул жеңіл жарақат алды.

Қазіргі таңда Қазақстан дипломаттары жергілікті басшылармен байланысып, Ливанда жүрген қазақстандықтардың жағдайы туралы ақпараттарды қарастырып жатыр.