Қазақстанда Сенат палатасына сайлау басталды
Там 12, 2020 16:13 Asia/Almaty
Бүгін таңертең Қазақстанда Парламенттің Сенат палатасына сайлау басталды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Қазақстанның түкпір‑түкпірінде өтіп жатқан бұл сайлауда 17 орынға 47 кандидат үміткер болып отыр.
Бүгінгі сайлау биылғы қазан айында 17 депутаттың қызмет мерзімі аяқталатындықтан өткізіліп отыр. Қазақстанда Парламент Сенаты депутаттарының қызмет мерзімі – 6 жыл.