Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі қайтыс болды
Там 17, 2020 19:21 Asia/Almaty
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева 29 жастағы ұлы Айсұлтанның оқыстан қайтыс болғанын растады.
«Новости» ақпарат агентігінің хабарлауынша, Дариға Назарбаева: «Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз»,-деп жазды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтанның қайтыс болу себебі тексеріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Лондонда жүрегі тоқтап қайтыс болған.
Бүгін кейбір ақпарат құралдары ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап, қателесіп Нұрсұлтан Назарбаев қайтыс болды деген хабар таратып жіберді.