Қазақстан Орта Азия елдеріне көмектеспек ниетте
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i47989-Қазақстан_Орта_Азия_елдеріне_көмектеспек_ниетте
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бір баспасөз отырысында елде Орта Азия елдеріне көмек беру үшін халықаралық даму агенттігі құрылатынын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 21, 2020 22:41 Asia/Almaty
  • Қазақстан Орта Азия елдеріне көмектеспек ниетте

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бір баспасөз отырысында елде Орта Азия елдеріне көмек беру үшін халықаралық даму агенттігі құрылатынын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол аталмыш агенттікті құру мақсатын Орта Азиядағы мұқтаж елдерге тиісті көмек беру деп атап: «Осы агенттікті құру үшін бюджеттен 138 млн теңге, сәйкесінше 239,17 мың доллар бөлінеді»,-деді.

Ержан Ашықбаев: «Аталмыш агенттік үшжақты әріптестік аясында жұмыс істейтін болады. Яғни қаражат Нұр-Сұлтан үкіметінің бюджеті мен сырттан инвестиция тарту арқылы қамтамасыз етіледі, ал агенттік осы жобаны орындап, тиісті елдерге жеткізу міндетін атқарады»,-деді.

Ашықбаев: «Қазақстанның KazAID халықаралық даму агенттігі тиісті елде атқарылатын жобаға жұмсалатын қаражаттың 7 пайызын делдал ретінде алатын болады. Жақын болашақта аталмыш агенттік арқылы орындалуы жоспарланған жобалардың бірі – цифрлі үкімет және әлеуметтік қызмет орталығы»,-деді.