Тоқаев халыққа жыл сайынғы жолдауын жариялайды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i48054-Тоқаев_халыққа_жыл_сайынғы_жолдауын_жариялайды
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы жолдауын жариялайтын уақыттын хабарлауымен бірге оның негізгі тақырыбын коронавирустың экономикалық салдарлары деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 26, 2020 18:56 Asia/Almaty
  • Тоқаев халыққа жыл сайынғы жолдауын жариялайды

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы жолдауын жариялайтын уақыттын хабарлауымен бірге оның негізгі тақырыбын коронавирустың экономикалық салдарлары деп атады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Берік Уәли: «Президенттің ел халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарыстан кейінгі кезеңдегі елдің негізгі даму мақсаттары туралы айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады»,- деп хабарлады.  

Бұдан бұрын Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысын 1 қыркүйекте  шақыру туралы өкімге қол қойған болатын.