Қазақстанның бұрынғы басшысы ядролық қаруларды азайтуға ұсыныс жасады
Там 29, 2020 17:13 Asia/Almaty
Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұр-Сұлтанда Ресей, АҚШ, Қытай мен Еуропа одағы басшыларының қатысуымен ядролық қаруларды азайту туралы отырыс өткізуге ұсыныс жасады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні: «Әлемдік қауымдастықты Қазақстан сияқты ядролық қарудан бас тартуға және ядролық бәсекелестіктің алдын алу үшін күш біріктіруге шақырамын»,-деді.
Осы мәлімет бойынша, Назарбаев кеше «Ядролық сынақтардан ада әлем үшін күрескен қаһарман» атағын алды. Бұл туралы БҰҰ Бас ассамблеясының арнайы отырысында жарияланды.
Тегтер