Қазақстанның бұрынғы басшысы ядролық қаруларды азайтуға ұсыныс жасады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i48089-Қазақстанның_бұрынғы_басшысы_ядролық_қаруларды_азайтуға_ұсыныс_жасады
Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұр-Сұлтанда Ресей, АҚШ, Қытай мен Еуропа одағы басшыларының қатысуымен ядролық қаруларды азайту туралы отырыс өткізуге ұсыныс жасады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 29, 2020 17:13 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бұрынғы басшысы ядролық қаруларды азайтуға ұсыныс жасады

Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұр-Сұлтанда Ресей, АҚШ, Қытай мен Еуропа одағы басшыларының қатысуымен ядролық қаруларды азайту туралы отырыс өткізуге ұсыныс жасады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні: «Әлемдік қауымдастықты Қазақстан сияқты ядролық қарудан бас тартуға және ядролық бәсекелестіктің алдын алу үшін күш біріктіруге шақырамын»,-деді.   

Осы мәлімет бойынша, Назарбаев кеше «Ядролық сынақтардан ада әлем үшін күрескен қаһарман» атағын алды. Бұл туралы БҰҰ Бас ассамблеясының арнайы отырысында жарияланды.