ДДСҰ Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасын клиникалық сынақтан өткізуге қабылдады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i48130-ДДСҰ_Қазақстанның_коронавирусқа_қарсы_вакцинасын_клиникалық_сынақтан_өткізуге_қабылдады
Қазақстанның коронавируспен күресу штабының ресми сайты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) елдің COVID-19 қарсы вакцинасын клиникалық сынақтарға жіберу үшін бекітілген вакциналар тізіміне тіркегенін жариялады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 02, 2020 14:29 Asia/Almaty
  • ДДСҰ Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасын клиникалық сынақтан өткізуге қабылдады

Қазақстанның коронавируспен күресу штабының ресми сайты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) елдің COVID-19 қарсы вакцинасын клиникалық сынақтарға жіберу үшін бекітілген вакциналар тізіміне тіркегенін жариялады.

 

New Europe вебсайтының мәліметінше, бұл тізімге Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Австралия, Тайвань, Куба, Франция, Австрия және Канада сынды 19 елдің 33 вакцинасы енген. Бұдан бұрын ДДСҰ қазақстандық зерттеушілердің жетістіктерін тіркеп, олардың вакциянасын клиникаға дейінгі зерттеулері рұқсат етілген COVID-19  қарсы вакциналар тізіміне енгізген болатын. Сондай-ақ Қазақстанның Білім және ғылым министрі «QazCovid вакцинасының клиникаға дейінгі сынақтары аяқталды және жақсы нәтижелер берді»,- деп хабарлады. Бұл вакцинаны  Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарды.