Қазақстан мен Қырғызстан ортақ ормандарды қорғау үшін ынтымақтастық етеді
Қыр 02, 2020 21:07 Asia/Almaty
Қазақстан мен Қырғызстан шекаралас ормандарды қорғау келісімге қол қойды. Бұл келісімнің жобасы қоғамдық талқылау үшін қазақстандық құқықтық нормалардың ашық сайтында жарияланды.
Бұл құжат бойынша екі тарап өрттен қорғайтын ортақ аймақты белгілейді. Тараптардың бірінің өкілдері өз елінің аумағында табиғи өрт болған жағдайда және оның көрші елдің аумағына таралу қаупі немесе көрші елдің аумағында өрт табылған жағдайда сол елдің тиісті органдарына дереу хабарлауға міндетті. Бұл келісім сондай-ақ егер өрт бір елдің жерінен басқа елдің жеріе жайылатын болса, екінші жақтан көмек күштерін шақыруды қарастырды.