Самарқандта Қазақстан республикасының Бас консулдығы ашылады
(last modified Thu, 24 Sep 2020 11:15:54 GMT )
Қыр 24, 2020 17:15 Asia/Almaty
  • Самарқандта Қазақстан республикасының Бас консулдығы ашылады

Қазақстан Президентінің жарлығымен Өзбекстанның Самарқанд қаласында осы елдің Бас консулдығы ашылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Самарқандта Қазақстан республикасының Бас консулдығы ашылады. Үкімет осыған қатысты тиісті шаралар атқаруы тиіс»,-деді. Бұл жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Сонымен қатар, 11 қыркүйекте Өзбекстан мен Қазақстан арасында әуе рейстері ресми түрде қайта ашылды. Қазіргі таңда Қазақстан Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі саналады.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында бір кездері шекаралық аудандардың бір бөлігі, соның ішінде Ферғана сайына иелік етуге байланысты текетірес болған.

Қазақстан Өзбекстанның тәуелсіздігін 1992 жылы 23 қазанда ресми түрде таныды. Сол күннен бастап екі елдің арасында дипломатиялық қатынас орнады.