Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i48564-Қазақстанда_коронавирусқа_шалдыққандар_саны_артты
Қазақстанда карантин ережелері бекітілгеніне қарамастан, күн сайын індет жұқтырғандардың саны артып келеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 09, 2020 14:50 Asia/Almaty

Қазақстанда карантин ережелері бекітілгеніне қарамастан, күн сайын індет жұқтырғандардың саны артып келеді.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінде карантинді күшейту немесе азайту туралы пікір қайшылығы әлі де шешімін таппады. Осы елдің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықаралық рейстерді азайтуды ұсынып, елге келген жолаушылардың денсаулығын қатаң бақылауға алу керектігін айтты. Сондай‑ақ, А. Цой 2020 жылдың соңғы екі айы, яғни қараша мен желтоқсанның аса қауіпті болатынын айтты.   

Мәліметтер бойынша, осы күнге дейін Қазақстанның медициналық қызметкерлерінің 88 пайызы, яғни 12830 адам індет жұқтырған.