Қазақстанда Сирия туралы жаңа отырыс өтуі мүмкін
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i48618-Қазақстанда_Сирия_туралы_жаңа_отырыс_өтуі_мүмкін
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі биыл Сирия бойынша жаңа кездесу өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 14, 2020 15:16 Asia/Almaty

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі биыл Сирия бойынша жаңа кездесу өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.

 

Сирияның Al-Akhbariya телеарнасының хабарлауынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі биыл Сирия бойынша жаңа кездесу өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын жариялады.

«Спутник» ақпарат агенттігі де Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілінің сөзіне сілтеме жасап:  «Бұл кездесу өтуі мүмкін. Бірақ Сирия бойынша келіссөздердің келесі кезеңін өткізу Сирияда атысты тоқтатуға кепілдік беретін елдердің ерік-жігеріне және ең бастысы, елдегі коронавирус  жағдайға байланысты»,- деп жазды.