Қазақстанда Сирия туралы жаңа отырыс өтуі мүмкін
Қаз 14, 2020 15:16 Asia/Almaty
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі биыл Сирия бойынша жаңа кездесу өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.
Сирияның Al-Akhbariya телеарнасының хабарлауынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі биыл Сирия бойынша жаңа кездесу өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын жариялады.
«Спутник» ақпарат агенттігі де Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілінің сөзіне сілтеме жасап: «Бұл кездесу өтуі мүмкін. Бірақ Сирия бойынша келіссөздердің келесі кезеңін өткізу Сирияда атысты тоқтатуға кепілдік беретін елдердің ерік-жігеріне және ең бастысы, елдегі коронавирус жағдайға байланысты»,- деп жазды.
Тегтер