Қазақстандағы коронавирустың жағдайы
(last modified Sun, 25 Oct 2020 11:40:33 GMT )
Қаз 25, 2020 17:40 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы коронавирустың жағдайы

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырғандар саны мен одан көз жұмғандар санының артқанын хабарлады.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен бір тәулікте елде індет жұқтырған тағы 164 адам анықталды. 73 адам сауығып шығып, 4 адам қаза тапты»,-деп хабарлады.

Осылайша, Қазақстанда жалпы 110 250 адам коронавирус жұқтырып, олардың 105 566-ы сауығып шықса, 1815 адам көз жұмды.