Қазақстанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің ұсталғаны расталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i48831-Қазақстанда_бұрынғы_Денсаулық_сақтау_министрінің_ұсталғаны_расталды
Қазақстанның Қаржылық бақылау комитеті осы елдің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғанын растады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 03, 2020 15:30 Asia/Almaty
  • Қазақстанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің ұсталғаны расталды

Қазақстанның Қаржылық бақылау комитеті осы елдің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғанын растады.

Комитеттің мәлімдеуінше, Қазақстанның Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің экономикалық зерттеулер қызметі бұрынғы Денсаулық сақтау министріне қарсы үлкен көлемде қаржы жымқырды деген айыппен қылмыстық іс қозғап отыр. Соттың шешімімен, Біртанов уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстанның Қаржылық бақылау комитеті бұл істің егжей-тегжейін баяндаудан бас тартты.

Бірнеше күн бұрын Қазақстанның кейбір ақпарат құралдары Біртановтың цифрландыруға бөлінген 526 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталғанын хабарлаған болатын.