Қазақстан мен Өзбекстанның сауда айналымы 16 пайызға азайды
(last modified Tue, 03 Nov 2020 11:04:23 GMT )
Қар 03, 2020 17:04 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстанның сауда айналымы 16 пайызға азайды

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі: «2020 жылдың 9 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымының көлемі 16,5 пайызға төмендеді»,-деді.

Бақыт Сұлтанов: «Биыл өзара сауда айналымын 5 млрд долларға жеткізуді жоспарлағанбыз. Бірақ коронавирус таралғанына байланысты бұл мақсатқа жету қиынға түсті»,-деді.

Сұлтановтың айтуынша, өзбек жағымен сұхбаттарда өзара әріптестікті кеңейту жолындағы кедергілерді жою мәселесі қарастырылды.

Өзбекстанда қазақтардың инвестициясымен құрылған 260 компания құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сауда-саттық, тамақ өнеркәсібі, металл өңдеу, машина жасау салаларында жұмыс істейді.