Қазақстанда коронавирусқа қатысты тағы рекорд жаңарды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i48901
Қазақстанда коронавирус қатысты тағы рекорд тіркелді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 09, 2020 20:53 Asia/Almaty

Қазақстанда коронавирус қатысты тағы рекорд тіркелді.

Өткен бір тәулікте Қазақстанда 610 адам індет жұқтырды. Оның 254 жағдайы елдің шығыс өңірінде тіркелді. Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артқаннан кейін темір және әуе жолымен қатынауға шектеулер енгізілді. 

Сондай-ақ халықтан санитарлық ережелерді сақтау, 65 жастан жоғары адамдардан сыртқа шықпау сұралды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бұрынырақ теледидарда сөйлеген сөзінде елде PCR тесті мен бетперденің қымбаттығын сынаған болатын. Бүгін бірнеше емдеу орталығы өздерінің қызмет құнын 50 пайызға қысқартты.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда 117690 адам індетке шалдықты. Соның салдарынан 1899 адам көз жұмды.