Қазақстанда Коммунистік халық партиясы атауын өзгертті
Қазақстанның Коммунистік халық партиясы сайлау қарсаңында «Қазақстан халық партиясы» деп атауын өзгертті.
Қазақстан Коммунистік партиясының саяси кеңсесі қарарының алғынұсқасында айтылғандай, парламенттік сайлау алдында өткен съезд барысында Айқын Қоңыров Қазақстан халық партиясының төрағасы болып сайланды.
Қазақстан Коммунистік партиясының атауын өзгерту саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайға бейімделу және саяси үдерістерге реакция білдіру қажеттігінен туындады.
Жамбыл Ахметбеков, Гаухар Нугманова, Виктор Смирнов пен Олжас Сыздықов бірауыздан осы партияның орталық комитетінің хатшылары болып сайланды.
Қазақстан Президентінің бұйрығымен бұл елде парламенттік сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Қазақстан халық партиясы да осы сайлауға қатысады.