Коронавирус Қазақстанның түпкір-түпкіріне таралды
Коронавирус Қазақстанның түпкір-түпкіріне таралды.
Шығыс Қазақстанда «қызыл», Нұр-Сұлтанда «сары» және елдің ірі қаласы Алматыда «сарыға жақын» жағдай жарияланды. Қалалардағы жағдайға қарай карантиннің қатаң ережелері қолданылады. Орталық Азиядағы қысқы спорт түрлерінің орталығы болып табылатын Алматы қаласында спортшылардың 30 пайызына спортпен шұғылдануға рұқсат етілді. Қазақстанға кіруге және қонақ үйлерге орналасу үшін коронавирус тесті мен ПТР міндетті болып табылады. Азық-түлік базарларының жұмыс уақыты сағат 17-ге дейін және сауда орталықтарының 22-ге дейін белгіленді.
Қазақстанның Денсаулық министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, осы кезге дейін елде 119129 адам коронавирус жұқтырып, 1924 адам оның салдарынан қаза болды.