Қазақстан мен Өзбекстан басшылары шекара белгілерін қою мәселесін талқылады
(last modified Thu, 19 Nov 2020 08:38:30 GMT )
Қар 19, 2020 14:38 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан басшылары шекара белгілерін қою мәселесін талқылады

Қазақстан мен Өзбекстанның ортақ комиссиясы өзінің кезекті отырысында Өзбекстанның Гүлстан қаласында достық қалыпта екі елдің шекара белгісін қою мәселесін талқылады.

Тараптар осы кездесуде Өзбекстанның Қарақалпақстан өңірі мен оған жапсарлас Қазақстанның Маңғыстау облысында шекара белгілері туралы қорытынды құжаттарды реттеу жұмыстарын жүргізді.  

Қазақстан мен Өзбекстан басшылары осы отырыста «Сардоба» су қоймасының бұзылуы салдарынан зиян көрген шекаралық бағандарды қайта жөндеу мақсатында Өзбекстанның Сырдария мен Жызақ облыстары мен Қазақстанның Түркістан облысы арасындағы кейбір шекаралық учаскілерді анықтады.

Қазақстан мен Өзбекстанның ортақ шекарасы – 2203 км.

Екі ел арасында шекара сызығын анықтау 2003 жылы басталса,  шекара белгілерін қою 2004 жылдан бастап қолға алынды.