Қазақстан мен Өзбекстан басшылары ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп жайлы сұхбаттасты
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары бейнеконференцияда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында екіжақты әріптестікті дамыту туралы кеңесті.
Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы сауда және инвестиция министрі Сардар Өмірзақов мен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляров жексенбі күні өткен бейнеконференцияда Қазақстан мен Өзбекстанның өзара ынтымақтастығын кеңейту және тереңдетуге негізделген «Жол картасын» талқылады.
Сонымен қатар тараптар түрлі өсімдіктер өсіру, бақ салу және мал бағатын шаруа қожалықтарын ашу үшін екі елдің егіс алқаптары мен өндіріс зауыттарынан кооператив құру туралы сұхбаттасты.
Қазіргі таңда Қазақстан Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі саналады.