Тоқаев: Біз ашық та әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз
Қазақстан Президенті: «Нұр-Сұлтан үкіметі Парламент пен жергілікті маслихаттар сайлауын ашық та әділетті түрде өткізуге ниеттіміз»,-деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының онлайн отырысында Қазақстанда өтетін Парламент пен жергілікті маслихаттар сайлауына тоқталып: «Маңызды саяси оқиғалар ашық та әділетті түрде өтеді»,-деді.
Қазақстан Президенті: «Елдегі барлық саяси күштерге Парламент пен жергілікті маслихаттар сайлауына дайындалуға жеткілікті уақыт берілді. Бұрын‑соңды болмаған демократиялық реформалар көппартиялық жүйені және саяси бәсекелестікті дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында жасалып жатыр»,-деді.
Қазақстанда Парламент пен жергілікті маслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.