Ресей Қазақстанға инвестиция салуда
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i49224-Ресей_Қазақстанға_инвестиция_салуда
«Қазинвест» ұлттық компаниясы ресейлік инвесторлардың қатысуымен құны 4,5 млрд долларды құрайтын 24 жобаның жүзеге асырылғанын хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 07, 2020 18:27 Asia/Almaty
  • Ресей Қазақстанға инвестиция салуда

«Қазинвест» ұлттық компаниясы ресейлік инвесторлардың қатысуымен құны 4,5 млрд долларды құрайтын 24 жобаның жүзеге асырылғанын хабарлады.

«Қазинвест» ұлттық компаниясының хабарлауынша, аталмыш жобалар кен және металлургия, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі мен құрылыс салаларын қамтиды. Қазіргі таңда Қазақстанда құны 4 млрд долларды құрайтын 17 жоба орындалып жатыр.

2017 жылы Қазақстанда ресейлік инвесторлардың қатысуымен құны 907 млн долларды құрайтын 13 жоба орындалған. 2020 жылы құны 184 млн долларды құрайтын мыс және мырыш кені жобасы орындала бастады.

Сонымен қатар ресейлік инвесторлар Қазақстанда жылыжайлар мен шина жасайтын зауыттар салуға ондаған миллион доллар бөлуге ниеттеніп отыр.