Қазақстан халқының 72 пайызы «Нұр-Отан» партиясын қолдайды
«Қоғамдық пікір» атты зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша Қазақстан халқының 72 пайыздан астамы парламенттік сайлауда «Нұр-Отан» партиясына дауыс береді.
Fars ақпарат агенттігінің бейсенбі күні Душанбеден хабарлауынша, бұл сауалнама желтоқсан айының бірінші аптасында барлық партиялардың жиынынан кейін Қазақстанның 14 облысында және Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында 1200 адамның қатысуымен өтті.
Сауалнамаға қатысушылардың «Қай саяси партияға дауыс бересіз?» деген сұраққа жауаптарын сараптағанда парламенттік сайлау келер аптада өткен жағдайда 72,5 пайызы «Нұр-Отан» партиясына, 6 пайызы «Ауыл» партиясына, 5,5 пайызы «Ақжол» партиясына, 4,7 пайызы «Қазақстан халық партиясына», ал 2,5 пайызы ADAL партиясына дауыс беретіні анықталды.
Сауалнамаға қатысушылардың 8,8 пайызы осы уақытқа дейін партия таңдамағандарын айтты.
Қазақстанның парламенттік сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.
