Ресей елшісі Қазақстан СІМ-не шақыртылды
Жел 14, 2020 18:05 Asia/Almaty
		Ресей Думасының бір депутаты айтқан сөзден кейін осы елдің Нұр-Сұлтандағы елшісі Қазақстан СІМ-не шақыртылды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы шақырту барысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Думасының ғылым және білім комитетінің басшысы Вячеслав Никоновтың осы елдің 1-ші арнасында «Солтүстік Қазақстан – Ресейдің берген үлкен сыйы» деген сөзіне таңданыс білдірді.
Марат Сыздықов: «Ресейдің кейбір саясаткерлерінің Қазақстанға қарсы арандатушы сөздері екі елдің одақтастық қатынасына ауыр нұқсан келтіреді»,-деді.
