Қарашығанақ консорциумы Қазақстанға 1,3 миллиард доллар өтемақы төлейді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i49322-Қарашығанақ_консорциумы_Қазақстанға_1_3_миллиард_доллар_өтемақы_төлейді
Қазақстанның Энергетика министрлігі ел мен Қарашығанақ консорциумы арасындағы даудың соңында 1,3 миллиард доллар өтемақы алатындығын хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 15, 2020 16:00 Asia/Almaty
  • Қарашығанақ консорциумы Қазақстанға 1,3 миллиард доллар өтемақы төлейді

Қазақстанның Энергетика министрлігі ел мен Қарашығанақ консорциумы арасындағы даудың соңында 1,3 миллиард доллар өтемақы алатындығын хабарлады.

 

Энергетика және қаржы министрлігі мен Қазақстан үкіметінің PCA компаниясы, сондай-ақ Қарашығанақ жобасының акционерлері Eni, Shell, Chevron, Lukoil компаниялары  дауды тоқтату туралы келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес Қарашығанақ консорциумы Қазақстанға 1 миллиард 305 миллион доллар төледі және екі тарап өндірісті бөлудің  әдісі туралы келісімге келді, нәтижесінде Қазақстан 2037 жылға дейін қосымша 600 миллион доллар алады.