Қазақстанда Аяз Атаны шақыруға тыйым салынды
Алматының бас дәрігері агенттіктерге Жаңа жылда үйге Аяз Атаны шақыруға тыйым салды.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Жандарбек Бекшин COVID-19 індетінің таралуының алдын алу үшін жаңа қауылға қол қойды. Бұл қауыл бойынша, 26 желтоқсаннан – 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемелерде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, Ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынды.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары: «Өткен 24 сағатта тағы 753 адамның коронавирусқа шалдығуымен бұл елде COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны 150951 адамға, сондай-ақ өткен тәулікте 24 адам қаза болуымен, олардың саны 2239 адамға жетті»,- деді.
