Қазақстанда өлім жазасы жойылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i49517-Қазақстанда_өлім_жазасы_жойылды
Қазақстан парламенті өлім жазасын жою туралы хаттаманы мақұлдады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 30, 2020 22:35 Asia/Almaty
  • 
Қазақстанда өлім жазасы жойылды

Қазақстан парламенті өлім жазасын жою туралы хаттаманы мақұлдады.

ISNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі мәліметінше,  Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы өлім жазасын жою туралы ресми міндеттемені білдіретін Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасын бекітті. Қазақстан парламентінің бұл шешімі оның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың қыркүйектің соңында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қол қойғаннан кейін қабылданды. Құжат Қазақстан Президенті қол қойған соң іске асырылады.