Тоқаев Қазақстанның аумақтық тұтастығын қуаттады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i49598-Тоқаев_Қазақстанның_аумақтық_тұтастығын_қуаттады
Қазақстан Президенті «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында елдің аумақтық тұтастығына күмән келтіретіндердің арандатушылық әрекеттеріне ресми және жария түрде қарсы тұруға шақырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 05, 2021 20:23 Asia/Almaty
  • Тоқаев Қазақстанның  аумақтық тұтастығын қуаттады

Қазақстан Президенті «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында елдің аумақтық тұтастығына күмән келтіретіндердің арандатушылық әрекеттеріне ресми және жария түрде қарсы тұруға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстанның шекраларының толық белгіленгеніне тоқталып: «2018 жылы Каспий теңізі құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға қол қойылғаннан кейін елдің құрылық шекараларымен бірге теңіз шекаралары да белгіленді»,- деді.

Осыдан біраз уақыт бұрын Ресей Думасының екі өкілі: «Қазақстанның жері Ресей мен Кеңес Одағының сыйы және Мәскеу олардың айтуынша Нұр-Сұлтанға жалға берген жерлерін қайтаруды талап етуі керек»,- деген болатын.