Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы қуатталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i49614-Қазақстанның_тәуелсіздігі_мен_аумақтық_тұтастығы_қуатталды
Қазақстанның ыдырауы туралы тақырып тағы көтеріліп, Назарбаев үкіметі басшыларының кішкене қимылымен қарама-қарсы күштердің қозғалысы күн тәртібінде тұрған сияқты.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаң 07, 2021 00:42 Asia/Almaty
  • Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы қуатталды

Қазақстанның ыдырауы туралы тақырып тағы көтеріліп, Назарбаев үкіметі басшыларының кішкене қимылымен қарама-қарсы күштердің қозғалысы күн тәртібінде тұрған сияқты.

 

Бұл салада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің аумақтық тұтастығына күмән келтіретіндердің арандатушылық әрекеттеріне ресми және жария түрде қарсы тұруға шақырып: «Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн»,- деді. Қазақстан Президентінің пікірінше, Ресей - Қазақстаннан жерді талап ететін шетелдік тарап.  Ресей мен Қазақстанның даулы территорияларының бірі - Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл облыстың көлемі - 97.993 шаршы шақырым және бұл жерде  579 403 халық өмір сүреді. Бұдан біраз уақыт бұрын Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан туралы баспасөз конференциясында: «Қазақстан ешқашан ел болған емес және Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ғана құрылды»,-деген болатын. Бұл сөздер Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың наразылығына себеп болды. Ресей Президентінің мәлімдемесі кезінде сарапшылар бұл сөздерді Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаның Еуропалық Одаққа мүшелігін қолдауына жауап ретінде қарастырды. Путин 2014 жылдың қыркүйегінде студенттермен кездесу кезінде «Қазақстандағы ұлтшыл көңіл-күйдің өсуі украиналық сценарийдің қайталануына соқтырмай ма?» деген сұраққа жауап ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тежегіш рөліне тоқталып, Назарбаевты сипаттауға кірісті. Путин: «Назарбаев өз елі   тарихында бұрын-соңды мемлекет болмаған мемлекет құрудың таңғажайып жұмысын жасады»,- деді.

Қазақстан халқының төрттен бір бөлігі және Солтүстік Қазақстан халқының жартысы орыстар құрайды.  
Қазақстан орыс тілділердің арасында Ресейден кейінгі бірінші орында. Бұл салада Ресейдің Оңтүстік Федералды Университеті Украинаны зерттеу орталығының ғылыми қызметкері  Григорий Миронов «Егер Қазақстан федерацияға айналмаса, Украинаның тағдыры оны күтуі мүмкін. Қазақстанның солтүстік аймақтарының едәуір бөлігі тарихи түрде Ресейге тиесілі болды. Қазақстан билігі орыстардың бұл елде бір ғасырдан сәл бұрын большевиктердің казактарға берген жерлерінде өмір сүретіндерін және бұл жерлердің қазақтарға пролетариаттың көбеюіне байланысты сый етілгенін қабылдаулары керек», - деді.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның солтүстік аймақтарын қазақыландыру - Нұрсұлтан Назарбаев үкіметі деңгейіндегі ұлтшылдықтың дамуының нәтижесі. Қалалар, аймақтар мен көшелердің атауларының орысшадан қазақшаға өзгертіліп, кириллицаның латын әліпбиі ауыстырылуы да елді моноэтникалық етуді көздеуде.

Қазіргі жағдайда Қазақстан қоғамы негізінен бір-біріне қарама-қарсы тұрған орыс тілділер мен қазақтардың екі үлкен тобына айналды, ал егер елде қазақтандыру немесе исламдану үдерісі күшейсе, екі топтың текетіресі күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан бұл елді тек федерализация ғана болашақта күйреу мен тұрақсыздықтан құтқара алады. Себебі украиналық тәжірибе орыс тілділердің заңды құқығын елемеу бұрынғы Кеңес Одағындағы кеңістіктің қайта қалыптасуына әкелуі мүмкін.