Қазақстан экологиялық зардаптарды азайтуға талпынуда
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i49629-Қазақстан_экологиялық_зардаптарды_азайтуға_талпынуда
Қазақстан осы елдегі экологиялық зардаптар мен қауіп-қатерлерді айтарлықтай азайтуға ниеттеніп отыр.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаң 07, 2021 17:05 Asia/Almaty
  • Қазақстан экологиялық зардаптарды азайтуға талпынуда

Қазақстан осы елдегі экологиялық зардаптар мен қауіп-қатерлерді айтарлықтай азайтуға ниеттеніп отыр.

Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев: «Бұл орайда декарбонизация мәселесі, яғни көмірсутек газының таралуын азайту және қоршаған ортаға тиетін зиянды азайту мақсатында қалпына келетін қуат көздерін пайдаланып электр қуатын өндіру жобасы жүзеге асырылмақ»,-деді.

Мырзағалиев: «Бүгінде әлемдік экономикада декарбонизациялауға ниет байқалып отыр. Осы мақсатта Еуроодақ  ластау деңгейі жоғары елдерден импортталатын өнімдер үшін «көмірсутек межесі» салығын салуды көздеп отыр»,-деді.

Қазақстанның Экология министрі: «Отандық өнімдер Еуропа нарықтарында бәсекеге ие болуы үшін парниктік газдарды азайтуымыз қажет»,-деді.