Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды
Қазақстанның Премьер-министрі мен АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясының бас атқарушы директоры инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Асқар Мамин мен Адам Болер кездесуінде агроөнеркәсіп, туризм, логистика, инфрақұрылым, қаржы және технологиялар салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және жобаны жүзеге асыру қажеттілігі мен бастамаларына назар аударылды, сондай-ақ Қазақстан экономикасының жеке секторының дамуы баса айтылды. Келіссөздер соңында «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен АҚШ-тың Халықаралық Даму Қаржы Корпорациясы (DFC) арасында инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстанда Халықаралық қаржы орталығы платформасы арқылы 1 миллиард долларлық бірлескен кәсіпорын жобаларын жүзеге асыруды көздейді.