Қазақстанда парламенттік сайлау өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i49664-Қазақстанда_парламенттік_сайлау_өтті
Бүгін, жексенбі 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттік сайлаудың сегізінші кезеңі өтті.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаң 10, 2021 22:26 Asia/Almaty
  • Қазақстанда парламенттік сайлау өтті

Бүгін, жексенбі 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттік сайлаудың сегізінші кезеңі өтті.

Қазақстанда парламенттік сайлаудың сегізінші кезеңі бүгін, жексенбі 10 қаңтар таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасты. Парламенттік сайлаумен бір мезгілде жергілікті мәслихат сайлауы да өтті.  

Бұл жолғы сайлауда 5 ресми партия Мәжіліс палатасындағы 107 орынға бәсекелесті. Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгеннен бергі алғашқы парламенттік сайлау саналады. Шын мәнінде Орта Азиядағы ең ірі ел Қазақстандағы парламенттік парламенттік сайлау алғаш рет 3 өзгеріс енгізілген жаңа сайлау заңы негізінде өтті.

Қазақстан Парламентінің Мәжіліс палатасында 107 депутат бар, олардың 98-і сайлауға қатысқан партиялардың жинаған дауысына қарай пропорционалды жүйеде таңдалады. Ал партиядан тыс тәуелсіз 9 мүше Мәжіліс палатасы депутаттары тарапынан сайланады.  Қазақстанның сайлау заңы бойынша, соңғы 10 жылда осы елде тұрған әрбір азамат Мәжіліс палатасына депутаттыққа үміткер бола алады. Сайлаудың бұл кезеңінің өзіндік ерекшеліктері бар. Партияаралық бәсекелестіктен бөлек, шетелдік араласушылық та парламенттік сайлаудың сегізінші кезеңінің сайлауалды науқанына әсер етті. Осыған байланысты ресейлік саяси сарапшы Александр Князев: «Қазақстанның қазіргі жағдайының бұрынғы кезеңдерден ерекшелігі мынада: сайлауалды науқанында партиялар арасында бәсеке болудан бұрын қазіргі басшы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Қауіпсіздік  кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев арасында Мәжіліс палатасында билік ететін «Нұр-Отан» партиясында келешек фракция құруда бақталастық орын алды»,-деді.  

Қорытындылай келе,  18,5 млн халқы бар Қазақстанда 11 млн адам сайлауға қатысу шарттарына ие. Олардың ішінде 2015 жылы өткен сайлаудан бері 18 жасқа толған 1,5 млн азамат бар. Қазақстанда сайлауға 18 жастан бастап қатысуға болады.

Қазақстан тарихындағы ең ірі сайлау саналатын осы кезең елде сөз бостандығы мен ашықтық жоқ деп сын айтылып жатқан шақта өтіп жатыр.  Адам құқығын қорғаушы ұйым Қазақстандағы сайлау жайлы есебінде: «Бұл ортаазиялық республикада билік ауысуы нақты жоспар мен үйлестіру негізінде толық бақылауға алынған қалыпта жүзеге асырылады»,-деді.

Қазақстандағы парламенттік сайлаудың сегізінші кезеңінің тағы бір қыры – сыртқы күштердің бәсекелестігі. Мысалы, 10 қаңтар күнгі сайлау қарсаңында АҚШ Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция салатынын айтты. Бұл салада АҚШ Нұр-Сұлтан үкіметімен келісімге қол қойып үлгерді. АҚШ ықпал аймаққа қатысты бәсекелестікте Ресейден қалып қоймауға тырысып жатқан сыңайлы. Шындығында, Оңтүстік Кавказ аймағындағы бәсекелестікте Ресейден жеңілген АҚШ Орта Азияда бұл елден басым түсуді көздеп отыр.