Қазақстан парламенттік сайлауында «Нұр-Отан» партиясы жеңіске жетті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i49673-Қазақстан_парламенттік_сайлауында_Нұр_Отан_партиясы_жеңіске_жетті
Сауалнама нәтижесі бойынша, Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр-Отан» партиясы парламенттік сайлауда 72 пайыз дауыс жинап, басымдықпен жеңімпаз атанды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаң 11, 2021 18:18 Asia/Almaty
  • Қазақстан парламенттік сайлауында «Нұр-Отан» партиясы жеңіске жетті

Сауалнама нәтижесі бойынша, Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр-Отан» партиясы парламенттік сайлауда 72 пайыз дауыс жинап, басымдықпен жеңімпаз атанды.

Елдегі басты оппозиция саналатын Қазақстан социал-демократиялық партиясы сайлауға байкот жариялады. Ал екінші оппозициялық партия саналатын Демократиялық партия сайлау алдында ресми тіркеуден өтпей қалды.

Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауына жалпы дауыс берушілердің 63,1 пайызы қатысты. Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар мен Қарағанды облыстарында халықтың 70 пайызы сайлауға қатысты.

Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыда 30,3 пайыз, Нұр-Сұлтанда 45,1 пайыз халық сайлауға қатысып, ең төменгі көрсеткіш көрсетті.