Қазақстанда жаңа Парламенттің алғашқы сессиясы өтетін күн белгіленді
(last modified Thu, 14 Jan 2021 12:51:27 GMT )
Қаң 14, 2021 18:51 Asia/Almaty
  • Қазақстанда жаңа Парламенттің алғашқы сессиясы өтетін күн белгіленді

15 қаңтар Нұр-Сұлтанда Қазақстан Парламенті Мәжіліс палатасының жетінші шақырылымының бірінші отырысы өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел Парламенті Мәжіліс палатасының жетінші шақырылымының бірінші отырысын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.  

10 қаңтар Қазақстанда парламенттік сайлау өтті. Нәтижесінде 5 саяси партиядан 3 партияның, соның ішінде «Нұр-Отан», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясының» өкілдері Парламентке жол тартты.

Қазақстан Парламенті Мәжіліс палатасында 107 орын бар. Оның 98-і сайлау арқылы таңдалған саяси партиялардың өкілдерімен толады. Басқа 9 депутат Қазақстан халық ассамблеясы тарапынан 5 жылдық мерзімге сайланады.