2020 жылы Қазақстанда жемқорлық пен пара беру жағдайы қалай болды?
Қаң 18, 2021 16:50 Asia/Almaty
«Ашық Қазақстан» қоғамдық қоры 2020 жылы Қазақстанда жемқорлық пен пара беру жағдайы жайлы зерттеу нәтижесін жариялады.
«Ашық Қазақстан» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян: «2020 жылы күзде шамамен 200 қоғамтанушы мен 12 сарапшы елдің ірі 3 қаласы, 14 облыс орталығы мен 143 аудан орталығында 9 мың адамға сауалнама жүргізіп, 1347 өтінішті зерттеді»,-деді.
Ольга Шиян: «Елдегі қарапайым тұрғындардың 37,4 пайызы мен кәсіпкерлердің 45,9 пайызы өткен жылы өз ауданында жемқорлықтың азайғанын айтты»,-деді.
Сауалнамаға қатысқандардың 11,3 пайызы мемлекеттік мекемелерге барғанда өз мәселелерін бейресми жолдармен шешуге мәжбүр болғанын айтты.
Тегтер