2020 жылы Қазақстанда жемқорлық пен пара беру жағдайы қалай болды?
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i49762-2020_жылы_Қазақстанда_жемқорлық_пен_пара_беру_жағдайы_қалай_болды
«Ашық Қазақстан» қоғамдық қоры 2020 жылы Қазақстанда жемқорлық пен пара беру жағдайы жайлы зерттеу нәтижесін жариялады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаң 18, 2021 16:50 Asia/Almaty
  • 2020 жылы Қазақстанда жемқорлық пен пара беру жағдайы қалай болды?

«Ашық Қазақстан» қоғамдық қоры 2020 жылы Қазақстанда жемқорлық пен пара беру жағдайы жайлы зерттеу нәтижесін жариялады.

«Ашық Қазақстан» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян: «2020 жылы күзде шамамен 200 қоғамтанушы мен 12 сарапшы елдің ірі 3 қаласы, 14 облыс орталығы мен 143 аудан орталығында 9 мың адамға сауалнама жүргізіп, 1347  өтінішті зерттеді»,-деді.

Ольга Шиян: «Елдегі қарапайым тұрғындардың 37,4 пайызы мен кәсіпкерлердің 45,9 пайызы өткен жылы өз ауданында жемқорлықтың азайғанын айтты»,-деді.

Сауалнамаға қатысқандардың 11,3 пайызы мемлекеттік мекемелерге барғанда өз мәселелерін бейресми жолдармен шешуге мәжбүр болғанын айтты.