Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен сөйлесті
Қазақстанның Сыртқы істер министрі және БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі арнайы өкілі телефон арқылы сөйлесті.
Fars News агенттігінің мәліметінше, Мұхтар Тілеуберді Фекитамоелоа Катоа Утойкаманумен телефон арқылы сөйлескен кезде Нұр-Сұлтанның 2020-2021 жылдардағы теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобының төрағалығы шеңберінде өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Бұдан бұрын 2020 жылдың қыркүйек айында Қазақстан теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің 32 мүшесін біріктіру үшін БҰҰ-мен төртжылдық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Екі тарап аталмыш топтағы нақты даму жобаларын алға ілгерлету үшін халықаралық серіктестер мен компаниялардың инвестиция құюының маңыздылығын қуаттады.