Қазақстан мен Өзбекстан жоғары жылдамдықты теміржол салуды жоспарлап отыр
(last modified Wed, 27 Jan 2021 12:12:16 GMT )
Қаң 27, 2021 18:12 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан жоғары жылдамдықты  теміржол салуды жоспарлап отыр

Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің арасында жоғары жылдамдықты теміржол салуды жоспарлап отыр.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі бұл елдің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен отырысында Түркістан-Шымкент-Ташкент бағыты бойынша жоғары жылдамдықты теміржол салу жоспарын мақұлдадыҚазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин бұл туралы: «Бұл жаңа теміржол желісін іске қосудың мақсаты – Нұр-Сұлтанға келетін туристер санын арттыру. Жаңа жоғары жылдамдықты теміржолдың салынуымен туристік индустрияда 22000 жұмыс орны, сонымен қатар 100000 оған байланысты басқа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде»,- деді. Қазақстан Премьер-министрінің айтуынша, елдің жалпы ұлттық өніміндегі туризмнің үлесі 5,2 пайызға дейін өседі.