Латын графикасындағы қазақ әліпбиі жарияланды
Бейсенбі 28 қаңтарда Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді.
2019 жылы Қазақстан Президенті латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге тапсырма берді. Латын графикасындағы әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді және әріп саны 31 болды. Жаңа әліпбиге бірте-бірте толық көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр. Бұл шешімнің мақсаты Кеңес дәуірінен алшақтап, Батыс әлеміне жақындау, орыс тілді БАҚ-тың Қазақстан қоғамына әсерін азайту, тәуелсіздік идеясын алға тартып, түріктілдес әлемде белсенділікті арттыру үшін Түркияға жақындау болды. Сарапшылардың пікірінше, Түркия Кавказға әскер кіргізгеннен кейін Орталық Азиядағы ықпалын арттыратын әлеуметтік-мәдени бағдарламасын қарастырып отыр.