Қазақстан мен Израиль басшылары аймақтық өзгерістер туралы сұхбаттасты
Қаң 31, 2021 22:16 Asia/Almaty
Қазақстан СІМ-нің арнайы өкілі сионистік режимнің Халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігінің (MASHAV) басшысымен онлайн форматта кездесіп, сұхбаттасты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан СІМ-нің арнайы өкілі Рапиль Жошыбаев пен сионистік режимнің Халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігінің басшысы Инат Шелин осы онлайн сұхбатта тараптардың аймақтық өзгерістер, әсіресе Ауғанстан мен ортақ жобаларды дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады.
MASHAV ұйымы – сионистік режимнің мұқтаж елдерге ықпал етіп, олардың ішкі ісіне араласу құралы.
Тегтер