Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i50110-Қазақстанда_коронавирусқа_қарсы_вакцинация_басталды
Бүгін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация үдерісі осы елдің денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне екпе салумен басталды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Ақп 01, 2021 23:12 Asia/Almaty
  • Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Бүгін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация үдерісі осы елдің денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне екпе салумен басталды.

Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцинациялауды Ресейдің «Спутник V» атты вакцинасымен бастаған алғашқы ортаазиялық ел.

Қазақстан Ресейден 22 мың доза алдырды. Қазақстанның өз вакцинасы клиникалық сынақтан өтіп жатыр, наурыз айынан бастап таратылуы ықтимал.

Қазақстанның халық саны – 18,5 млн.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде коронавирусқа шалдыққандар саны 187970 адамға, көз жұмғандар саны 2476 адамға жетті. Сарапшылар бұл санды шынайы көрсеткіштен әлдеқайда төмен деп санайды.