Қазақстан су электр стансаларын салмақшы
Қазақстан үкіметі 2030 жылға дейін 13 су электр стансасы мен 39 су қоймасын салып, іске қосуды жоспарлап отыр.
Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, Қазақстанның Экология, геология мен табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында 2030 жылға дейін елде 39 су қоймасы салынатынын хабарлап: «Негізгі каналдардың шамамен 2 шақырымы қайта жөнделеді. Мұнымен қоса, елдің түрлі өңірлерінде жалпы сыйымдылығы 885 млн текше метр болатын жаңа 8 су қоймасы салынып, іске қосылады»,-деді.
Қазақстан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев та осы салада: «Қазіргі таңда елдің оңтүстік өңірлеріндегі электр желілерін күшейтуге қатысты ұсыныстарды дайындау үшін жұмыс тобы құрылды»,-деді.
Сонымен қатар Ноғаевтың айтуынша, 2025 жылға дейін елдің оңтүстік өңірлерінде шамамен 1300 МВт-тық газ генераторы іске қосылады.